1 наурыздан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

/uploads/thumbnail/20250211152339237_big.webp

Өсім 7% мөлшерінде болмақ. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 1 наурыздан бастап пойыз билеттері 7% мөлшерінде көтерілетінін мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, жолақысының көтерілуі "Қазақстан Республикасындағы теміржол көлігі туралы" ҚР Заңының 12-тарауы, 94-бабының 2-тармағына сәйкес іске асырылмақ.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2025 жылғы 1 наурыздан бастап әлеуметтік маңызы бар облысаралық маршруттар мен кейбір қала маңы пойыздарына жол жүру тарифінің шекті деңгейінің өзгеретінін хабарлайды. Бұл өзгеріс жоспарлы индекстеу аясында, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау шарттарына сәйкес 7% мөлшерінде жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи