Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қазақстанға келді

/uploads/thumbnail/20250212165057076_big.webp

Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу келіссөздер жүргізу үшін Астанаға келді. 

Сергей Шойгуды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды деген болжам бар.

"Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу Астанаға келді. Онда ол Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты, қауіпсіздік мәселелерін және Сириядағы жағдайды талқылайды. Бұл – Ресей қауіпсіздік кеңесі хатшысының 2025 жылғы алғашқы шетелдік сапары", – делінген хабарламада.

РФ қауіпсіздік кеңесінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясы мен Қазақстан қауіпсіздік кеңестерінің кеңселері арасындағы екіжақты консультациялар, сондай-ақ қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовпен кездесу өтеді.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи