Өзбекстанда кітап оқыған тұтқынның жаза мерзімі қысқаруы мүмкін

/uploads/thumbnail/20250217112923278_big.webp

Өзбекстан ішкі істер министрінің орынбасары Рамазон Ашраповтың айтуынша, 1 кітапты оқып, сол кітап бойынша емтиханды сәтті тапсырған азаматтардың жаза мерзімі 3 күнге қысқарту жоспарланған.

Заң жобасында шектеулер де бар, оған сәйкес сотталғандар жылына 10 кітаптан көп шығарма оқып, емтихан тапсыра алмайды. Сондай-ақ оқуға болатын әдебиеттердің тізімі де мемлекеттік ұйым бекітеді. Сарапшылардың пайымынша, жаңа заң жобасы сотталғандардың өмірі мен көзқарасына оң әсер етеді. 

Жаңа заң жобасы сенаттың қарауына жіберілген. Одан кейін қол қою үшін Өзбекстан президентіне жолданады.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи