Украина президенті Владимир Зеленский егер әлем Украинаға бейбітшілік күн болатынына кепілдік берсе, тақтан бас тартуға дайын екенін мәлімдеді.
Deutsche Welle Telergam-арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл туралы ел басшысы Киевте өткен баспасөз конференциясында айтқан.
Билікте ондаған жылдар бойы отыратын ойым жоқ, - деп атап өтті Зеленский.
Украина көшбасшысы сондай-ақ Вашингтонның сирек кездесетін ресурстар туралы келісімшарт жасасу талаптарын, Киевтің АҚШ-қа 500 млрд доллар эквивалент төлеу міндеттемесіне тоқталды.
Серіктестеріме деген құрметпен біз 500 млрд доллар қарызды мойындамаймыз, - деп кесіп айтты Зеленский,
Сондай-ақ ол Киевтің деректеріне сәйкес, сөз тек 100 млрд доллар көмек туралы болып отырғанын меңзеді.
Одан бөлек, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденмен келісімшартқа сәйкес, Украинаға берілген көмек қарыз емес, грант ретінде жоғарыда аталған мөлшерде ұсынылған.
Оставить комментарий