«Қазақтелеком» және «Kcell-мен» бірлесіп, фрод-қоңырауларды ұйымдастырған күдікті ұсталды

/uploads/thumbnail/20250303113018885_big.webp

28 ақпанда прокуратураның үйлестіруімен Алматы қаласының ҰҚКД қызметкерлері «Қазақтелеком» АҚ және «Кселл» АҚ-мен бірлесіп, фрод-қоңырауларды ұйымдастырған күдіктіні ұстады.

 Тексеру барысында екі SIM-бокс анықталды, олардың біреуінде нөмірлерді ауыстыру және алаяқтық қоңыраулар үшін пайдаланылған SIM-карталарға арналған 32 слоты, сондай-ақ түрлі операторлардың көптеген SIM-картасы бар.

Бұған дейін 2024 жылғы 1 қарашада Алматы қаласының прокуратурасы, «Қазақтелеком» АҚ мен «Kcell» АҚ арасында фрод-қоңырауларға қарсы күрес саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. 2024 жылы бірлескен күштің арқасында Алматыда 14 SIM-бокс машинасының қызметі жойылды.

Қылмыстық топтардың еліміздің басқа өңірлеріне белсенді қоныс аударуына байланысты Бас прокуратурасының Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаментінің жәрдемдесуімен Ұлттық қауіпсіздік комитетін жұмысқа қосу туралы шешім қабылданды.

-  Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ведомствоаралық топтың жұмысы барысында, соның ішінде Алматы қаласы бойынша ҰҚКД Киберқауіпсіздік ақпарат басқармасының жедел сүйемелдеуімен еліміздің 8 өңірінде 202 абоненттік нөмір анықталды. 9 SIM-бокс құрылғысы тәркіленген 8 мекенжай анықталды, 8 адам ұсталды, оның ішінде Ресей Федерациясының 6 азаматы. Сондай-ақ түрлі ұялы операторлардың 8 407 SIM-картасы тәркіленді, - делінген хабарламада.

Интернет алаяқтықпен күрес жұмысы жалғасып жатыр.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи