32 миллион теңгені жымқырған "Жетісу" футбол клубының экс-директоры сотталды

/uploads/thumbnail/20250307124108900_big.webp

Талдықорған қалалық соты “Жетісу” футбол клубының директоры Қалмұхамед Дөңсебаевқа қатысты үкім шығарды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша экс-директор команданың оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде футболшылардың тамағына бөлінген 31,9 миллион теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот шешімі негізінде Дөңсебаевтың сырқат екені ескеріліп, 7 жылға бас бостандығынан шектелді. Сонымен қатар, экс-басшыға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды.

Қалмұхамед Дөңсебаев жымқырған ақшаны толықтай мемлекетке қайтарды. Үкім заңды күшіне енді.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи