Шерзат ісі: айыпталушыларға қандай жаза сұралды?

/uploads/thumbnail/20250602132129800_big.webp

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.

Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай жарыссөз кезінде қылмыстың барлық мән-жайын тағы бір рет еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін айыпталушылардың кейбірі өз кінәсін мойындамады, ал кейбіреулері бұрын сотты болған.

Барлық мән-жайды ескере отырып, прокурор соттан айыпталушыларға мынадай үкім шығаруды сұрады:

  • Абзал Шынасыл - 23 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Равиль Сакиев - 20 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Азамат Тоқтаубаев - 15 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Нұрқияс Ілиясов - 9 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Шыңғыс Белғожаев - 7 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Нұрбол Тоқтаубаев - 7 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Дархан Әскентай - 7 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Дидар Қалиахмет - 7 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Думан Ысқақ - 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру.

Шерзат ісі бойынша сот отырысы

2025 жылы 10 cәуірде Талдықорғанда Шерзат Болаттың ісі бойынша сот процесі басталды. Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы тікелей эфирден көрсетіледі.

Связанные теги :

Связанные Статьи