Қазақстанның төртінші ғарышкері қашан ұшады? – Бектенов жауап берді

/uploads/thumbnail/20250602155841825_big.webp

Премьер-Министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының Қазақстанның төртінші ғарышкерін ғарышқа ұшыруға қатысты сауалына жауап берді.

Ол халықаралық ғарыш бағдарламаларына қазақстандық ғарышкерлердің қатысуы ұлттық және халықаралық деңгейде негізделген жағдайда ғана іске асырылатынын атап өтті. «Басқарылатын ғарыш бағдарламалары едәуір қаржылық шығынды қажет етеді. Бұл тек ұшуға ғана емес, ғарышкерді даярлау, ғылыми бағдарламалар әзірлеу, логистика мен ұшудан кейінгі қызмет көрсетуге де байланысты», – деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, Бектенов төртінші ғарышкерді ұшыру мәселесіне барынша салмақты әрі прагматикалық тәсіл қажет екенін айтты. Оның айтуынша, жоба өзектілігі мен негізділігі дәлелденген жағдайда, тиісті шаралар халықаралық міндеттемелер мен елдің қаржылық-экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылады.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының 70 жылдығына арналған видео үндеу жолдаған болатын. Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Связанные теги :

Связанные Статьи