Салымшылардан 21 миллиард теңге жинаған: Amanat Drive қаржы пирамидасының бас ұйымдастырушысы қамауға алынды

/uploads/thumbnail/20250603112123050_big.webp

«Amanat Drive» қаржы пирамидасы әшкереленді: 21 миллиард теңге жымқырылған

Алматы облысында Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірлік департаменті «Amanat Drive» атты қаржы пирамидасының қызметін әшкереледі. Тергеу деректеріне сүйенсек, аталған ұйым 8 мыңнан астам азаматты алдап, жалпы сомасы 21 миллиард теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденген.

Пирамида ұйымдастырушылары тұрғындарға пайызсыз бөліп төлеу арқылы жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуды ұсынған. Алайда уәделер толық орындалмаған: уәде етілген мүлік жақын туыстар мен сенімді тұлғалардың атына рәсімделген.

Көпдеңгейлі заңсыз схема

Қаржылық мониторинг агенттігі пирамида басшысының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру үшін күрделі көпдеңгейлі схема құрғанын мәлімдеді. Ол өз бақылауындағы бірнеше компанияны – «Алло, не керек», «i-m@rketing», «Gold SapaPremium» ЖШС – жалған жеткізуші ретінде пайдаланған.

Бұл компаниялар жарнама қызметтері, жылжымайтын мүлік пен көлік нарығын талдау сынды көрінбейтін қызметтерді орындаған болып есеп беріп, 1,8 миллиард теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, елден шығарған.

Жасырын мүлік пен қымбат көліктер

Қылмыстық кірістер есебінен жеке тұрғын үйлер, Нұр-Сұлтандағы (Астана) пәтерлер, сондай-ақ HUMMER H2 және Lexus LX570 секілді люкс автокөліктер сатып алынған. Бұл мүліктер тәркілеуден жасырыну үшін сенімді тұлғалардың атына тіркелген.

Сот шешімімен аталған жылжымайтын және жылжымалы мүлікке, сондай-ақ тұтыну кооперативінің шоттарына тыйым салынды. Қаржы пирамиданың негізгі ұйымдастырушысы қамауға алынып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Связанные Статьи