4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні

/uploads/thumbnail/20250604104235784_big.webp

Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің нышаны

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіздігіміздің басты белгілері. Олар еліміздің тарихын, мәдениетін, рухын және болашағын айқындайтын қасиетті нышандар болып табылады. Елбасы атап өткендей, әрбір азамат бұл рәміздерді тұмардай қасиет тұтуы тиіс.

Мемлекеттік рәміздер 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Бұл күн – Қазақстан тарихында маңызды күндердің бірі. Ту мен Елтаңба осы күні бекітілсе, Әнұран мәтіні 11 желтоқсанда қабылданды. Рәміздерді дайындау үшін арнайы комиссия құрылып, бүкіл ел бойынша байқау ұйымдастырылды. Мыңдаған жоба ұсынылды, олардың ішінен бүгінгі күнге лайықтысы таңдалды.

Бүгінде Туымыз әлемдік ареналарда желбіреп, Әнұранымыз халықаралық спорт жарыстарында шырқалып келеді. Бұл – ел жетістігінің айғағы. Мемлекеттік рәміздер тек ресми белгілер емес, олар – елдік сана мен патриоттық рухтың қайнар көзі. Оларды қастерлеу – әр азаматтың парызы.

Рәміздер арқылы елімізді әлем таниды, ал жас ұрпақ осы рәміздер арқылы отансүйгіштікке тәрбиеленеді. Сондықтан балабақшадан бастап барлық оқу орындарында рәміздерді құрметтеуге ерекше мән беріледі. Бұл – болашақтың кепілі.

Связанные Статьи