Тағы бір сала мамандарының жалақысы 50%-ға дейін өсетін болды

/uploads/thumbnail/20250613114525412_big.webp

Тоқаев су саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыруға бағытталған "Табиғи монополиялар туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. Түзетулерді Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірледі.

Министрліктің мәліметінше, бұл өзгерістер сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін 25 мыңнан астам маманның еңбекақысын көтеруге мүмкіндік береді. Жалақы мөлшері өңірге және статистикалық көрсеткіштерге қарай орта есеппен 35–50%-ға өседі. Бұл жылу және электр энергетикасы саласындағы мамандардың жалақы деңгейіне сәйкестендіріледі.

Нұржан Нұржігітов, Су ресурстары және ирригация министрі:

"Бұл шара су саласындағы кадр тұрақсыздығын азайтып, білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Су шаруашылығы – ел үшін стратегиялық маңызы бар сала."

Орташа жалақы (статистикалық деректер бойынша):

  • Жылу және электр энергетикасы саласы — 330 мың теңге

  • Су шаруашылығы саласы — 231 мың теңге

Заңға енгізілген өзгерістер 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Министрлік былтыр "Қазсушар" РМК қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 25%-ға арттырғанын да атап өтті.

Связанные теги :

Связанные Статьи