Спорттағы жемқорлық: 1,3 млрд теңге бюджетке қайтарылды

/uploads/thumbnail/20250613121003744_big.webp

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп өткен жылы спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.

Талдау нәтижелері спорт саласында жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екенін көрсетті. Клубтар инфрақұрылымды дамыту орнына қаражатты жалақыға, легионерлерге және оқу-жаттығу жиындарына негізсіз жұмсаған.

Осыған байланысты 50-ден астам ұсыным әзірленіп, 2024–2025 жылдары салалық ережелерге өзгерістер енгізілді. Енді футбол клубтарына мемлекеттен қаржыландыру алу үшін жастар командалары мен инфрақұрылымның болуы талап етіледі. Оқу-жаттығу жиындарына лимит қойылып, бақылау күшейтілді.

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға енгізілген өзгерістер бойынша кәсіби клубтарды ұстауға бөлінетін бюджетке шектеу белгіленіп, шетелдік спортшыларды қаржыландыруға тыйым салынды.

Нәтижесінде 1,3 млрд теңге бюджетке қайтарылып, 11 спорт нысаны мемлекет меншігіне өтті. Қаржыландыру 6,7 млрд теңгеге қысқартылды. Бұл шаралар отандық спортты дамытуға бағытталған.

Связанные теги :

Связанные Статьи