Қытайға 1,5 мың киік не үшін көшірілмек? Министр жауап берді

/uploads/thumbnail/20250625115136470_big.webp

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктерді көрші елдерге көшірудің ықтимал жолдары туралы айтып берді. Оның айтуынша, жануарларды көшірудің түрлі тәсілдері бар және бұл мәселе ғылыми тұрғыдан мұқият қарастыруды талап етеді.

– Киіктерді көшіру – күрделі процесс. National Geographic сияқты ұйымдар жануарларды олардың тарихи мекендеріне қайта орналастыру туралы жобаларды жиі көрсетеді. Әдетте ірі жануарлар арнайы контейнерлер арқылы тасымалданады. Ал киік ұсақ тұяқты жануарларға жатады, сондықтан оны көшірудің өзіндік ерекшеліктері бар. Қазір ғалымдармен бірлесіп осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Әзірге нақты ұсыныстар әзірленген жоқ. Әрине, киікті жай ғана айдап апара алмаймыз – оны көлікпен тасымалдау керек. Бұл ретте жануардың денсаулығына зиян келтірмей, аман-есен жеткізу басты назарда болады. Көлікпен жеткізудің де бірнеше тәсілі қарастырылып жатыр, – деді министр үкімет отырысынан кейін өткен брифингте.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға 1,5 мың киік беру жоспары бар екенін мәлімдеген болатын.

Связанные теги :

Связанные Статьи