Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін қандай шаралар жүргізіліп жатыр?

/uploads/thumbnail/20250708152441700_big.webp

Бүгінгі таңда елімізде 74 дағдарыс орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 61-і әйелдер мен балаларға арналған. Тек 2025 жылдың басынан бастап аталған дағдарыс орталықтарына 3 мыңға жуық адам жүгінді. 1100-ден астам әйелдер мен балалар уақытша баспана тапты.

Сонымен қатар 112-ге жуық отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Бұл құрылымдар мемлекеттік органдардың тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында құрылған. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін 2023 жылы арнайы отбасылық сандық карта жасалды. Оның көмегімен мемлекеттік органдар отбасылардың әл-ауқатының деңгейін бақылайды және жедел түрде көмек көрсете алады.

2024 жылы қабылданған "Әйелдер құқығын қорғау және балалар қауіпсіздігі туралы" жаңа заң қоғам арасында қызу талқыланған болатын. Онда сот шешімі бойынша психокоррекциялық курстар мен бейімделу бағдарламаларын агрессорларға міндетті түрде тағайындау мүмкіндігі қарастырылған.

Осы заңнама негізінде Алматы қаласының полиция қызметкерлері жоспарлы түрде жұмыс істеп келеді. Олар қала  азаматтарын отбасы мәселелерді зорлық-зомбылықсыз шешуге шақырады. Отбасындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында бірнеше алдын алу шаралары негізінде жұмыс істеуді бастады. Маусым айында өңірде "Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" акциясы аясында әкімшілік қамауға алынғандармен кездесу өткізілді.  

Осы ауқымды науқан аясында қаланың әкімшілік қамауға алу мекемелерінде отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылған адамдармен профилактикалық кездесулер өткізіледі. Қаланың әкімшілік полиция басқармасы мен Алматы қаласының Жетісу ауданының полиция басқармасы кездесу ұйымдастырды. Іс-шараға "Қорғау" дағдарыс орталығы мен "Бақытты отбасы" қолдау орталығының өкілдері, психологтар мен кеңесшілер қатысты, олар қатысушылармен бірге отбасылық құндылықтар, өзара сыйластық және отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселелерін талқылады.

Бұдан бөлек Алматы қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Отбасы» профилактикалық іс-шара бастау алды. Бұл шараның негізінде қала полицейлері бұрын тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапқа тартылған азаматтармен, сондай-ақ отбасы мүшелерімен кездесіп, сұхбаттасады.

- Тұрмыстық зорлық-зомбылық жеке мәселе емес, қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Біз күн сайын бұрын аталған іс бойынша тіркеуде тұрған отбасыларға барамыз, профилактикалық әңгімелер жүргіземіз және заңнаманы түсіндіреміз. Біздің міндетіміз – жай ғана әрекет ету емес, қайғылы оқиғалардың алдын алу, - деп атап өтті Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Qamshy.kz ақпараттық агенттігі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты маңызды ақпараттар мен бірнеше сұрақтардың жауабын оқырман назарына ұсынады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз не істеу керек?

Сіз шыдауға және "жақын арада бәрі шешіледі және ол өзгереді" деп үміттенуге міндетті емессіз. Міне, қауіпсіздікті сақтауға және қолдау табуға көмектесетін қадамдық алгоритм:

1. Сізге қауіп төніп тұрғанын мойындаңыз

Бұлең қиын, бірақ маңызды қадам. Көптеген әйелдер ұзақ уақыт бойы зорлық-зомбылыққа ұшырап жатқанын жоққа шығарады немесе зорлықшыны ақтауға тырысады. Бірақ егер сіз өзіңіздің денсаулығыңыз үшін жиі қорықатын болсаңыз, өзіңізге деген сенімділікті жоғалтсаңыз – қорғануыңыз үшін үлкен себеп бар. Психологиялық тұрғыдан сау қарым-қатынас бір-біріне зиян тигізбейді.

2. Онымен жалғыз қалмаңыз

Жағдайды өзіңіз сенетін адаммен бөлісіңіз. Бұл дос, туыс, әріптес, психолог, дәрігер немесе сенім телефонына жауап беретін ерікті болуы мүмкін. Әңгіме жағдайды сырттан көруге көмектеседі және іс-әрекетке алғашқы серпін береді.

3. Маманға хабарласыңыз

Егер сіз не болып жатқанын түсіне алмасаңыз — отбасылық қатынастарға немесе дағдарыстық жағдайларға маманданған психологқа хабарласыңыз. Жақсы маман сіздің сезімдеріңізді жолдасыңыздың манипуляциясынан ажыратуға және тығырықтан шығудың жолын табуға көмектеседі.

4. Құжаттар мен қажетті заттарды жинаңыз

Егер маманның көмегі көмектеспесе және сіз кетуді шешсеңіз, дұрыс дайындалу маңызды.  Ең қажет деген заттарыңыз үшін сөмке дайындаңыз. Өзіңізбен бірге алуыңыз керек заттар тізімі:

·       паспорт, балалардың туу туралы куәліктері;

·       егер бар болса иммиграциялық құжаттар;

·       медициналық сақтандыру карталары, ММС және ЕМС полистері;

·       қаржылық және тұрғын үй құжаттары: жалдау шарты, ипотека бойынша үзінді көшірме, меншік құқығы туралы құжаттар;

·       автокөлік құжаттары;

·       банк карталары, қолма-қол ақша;

·       телефон, зарядтағыш, қосалқы SIM-карта.

Көмек алу үшін қайда баруға болады?

Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз көмек сұрауға болатын бірнеше қызметтер бар:

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы-уақытша баспана, психологтың көмегі, полицияға жүгінген кезде сүйемелдеу, сондай-ақ заңгерлік кеңес береді. 8 (7282) 4118 34 және 8 771 771 99 91 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз немесе поштаға жазыңыз gbntaldyk@mail.ru

Связанные Статьи