1949–2010 жылғы азаматтарға 70 мың теңге төленетіні рас па?

/uploads/thumbnail/20250807123228511_big.webp

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Қазақстан азаматтарына, 1949–2010 жылдар аралығында туғандар үшін, 70 000 теңге көлемінде төлем жасалады" деген ақпарат тарап жатыр. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. 

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан 70 000 теңге көлеміндегі төлем туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Белгісіз тұлғалар азаматтарға сілтеме арқылы өтіп, өтінім беруін ұсынады", – делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік алаяқтар жіберілген сілтеме арқылы жеке мәліметтерді ұрлауы мүмкін екенін айтып ескерту жасады. 

"Сілтемеге еш жағдайда өтпеңіз; Ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен келетін SMS арқылы таратылады; Ақпаратты тек ресми дереккөздерден ғана тексеріңіз; Жалған ақпарат таратқандар заңмен қудаланады", делінген хабарламада. 

Связанные теги :

Связанные Статьи