АҚШ президенті Дональд Трамп Нобел сыйлығын иеленуі мүмкін. Бүгін америкалық БАҚ өкілдерінде Камбоджаның Трампты Нобель сыйлығына ұсынғанын жазды.
Камбоджа премьер-министрі Хун Манет Нобель комитетіне Дональд Трампты аталмыш сыйлыққа ұсынып, ресми хат жолдаған. Ресми хатта Дональд Трамптың Камбоджа мен Тайланд арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, қақтығысты тоқтатқаны үшін алғыс айтатыны жазылған.
«Маған Камбоджа Корольдігінің премьер-министрі ретінде, әлемдік бейбітшілікті ілгерілетуге қосқан тарихи үлесі үшін АҚШ-тың 45-ші және 47-ші президенті, құрметті Дональд Дж. Трампты Нобель сыйлығына ұсыну үлкен құрмет», – деп жазды Хун Манет.