Алматы қаласы Көпсалалы колледжі халықаралық деңгейде тәжірибеден өтуге жағдай жасайды

/uploads/thumbnail/20250809123311199_big.webp

8 тамыз күні Алматы қаласы Көпсалалы колледжінде, Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Қалалық колледждердегі құзыреттілік орталықтарының жұмысын көрсету» тақырыбында баспасөз туры өтті. Іс-шараға қала колледждерінің оқытушылары, студенттері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Баспасөз турының мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы заманауи құзыреттілік орталықтарының мүмкіндіктерін көрсету, тәжірибе алмасу және дуальды оқыту жүйесінің тиімділігін насихаттау.

Алматы қаласы Көпсалалы колледжі – еліміздегі өз саласында жетекші және беделді оқу орындарының бірі. Колледждің басты ерекшелігі – студенттер мен оқытушыларға тек теориялық білім беріп қана қоймай, халықаралық деңгейде тәжірибеден өтуге жағдай жасауы. Соңғы жылдары білім алушылар Қытай, Германия, АҚШ және басқа да шет мемлекеттердегі оқу орындары мен өндіріс орындарында білімін жетілдіруде. Мұндай мүмкіндіктер жастардың кәсіби шеберлігін арттырып қана қоймай, халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді.

Видеодағы кейіпкеріміз – Шолпан, көлік қызметі саласында ТМД бойынша танымал әйел мамандардың бірі. Бұл салада әйелдердің аз болуына қарамастан, Шолпан өзінің еңбегі мен табандылығы арқылы кәсіби ортада лайықты беделге ие болған. Оның айтуынша, 2023 жылы ол Германияға барып, үш апта бойы халықаралық стандарттарға сай оқыту және өндірістік тәжірибеден өткен. Бұл сапар оның кәсіби білімін арттырып, шетелдік озық технологиялармен танысуына мүмкіндік берді.

Алдағы баспасөз туры барысында қонақтар колледждің оқу-өндірістік шеберханаларын аралап, студенттердің практикалық дағдыларын меңгеру барысымен танысты. Сонымен қатар, қатысушыларға колледждің халықаралық серіктестік бағдарламалары мен түлектердің табысты еңбек жолдары туралы ақпарат ұсынылады.

Связанные теги :

Связанные Статьи