Кезінде уәде бердім, оны орындайтын кез келді – Тоқаев

/uploads/thumbnail/20250916165006587_big.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Қостанай облысына міндетті түрде баратынын айтты.

"Амандық болса, биыл Қостанай облысына міндетті түрде барамын. Жоспарымда бар. Жолдауымда Қостанай облысын арнайы атап өттім, Торғай жеріне баса назар аудару керек деп айттым. Арқалыққа биыл міндетті түрде барамын. Кезінде уәде бердім, оны орындайтын кез келді. Торғай өңіріне көңіл аудару керек", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп кешенін дамытуда рационалды тәсілдің маңызды екеніне назар аударды.
 
"Біз есеп үшін емес, нақты нәтижеге жұмыс істейміз", - деп толықтырды ол.
Сондай-ақ президент цифрландыру мәселесіне атүсті қарамау қажет екенін мәлімдеді.
 

Связанные Статьи