Қанат Шарлапаев, Тамара Дүйсенова мен Ернар Баспаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды.
Қанат Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.
Ернар Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды", делінген хабарламада.
Тамара Дүйсенова Тоқаевтың көмекшісі болып биыл ақпанда тағайындалған болатын. Қанат Шарлапаев ақпан айында президенттің көмекшісі болып тағайындалған. Ал Ернар Баспаев 2023 жылдың қыркүйегінен бері президенттің кеңесшісі қызметін атқарған еді.