Жаслан Мәдиев Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды", делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, Мәдиев бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарған еді.