Қыркүйектегі инфляция Ұлттық банк болжамдарынан да асып түсті

/uploads/thumbnail/20251002110532872_big.webp

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция деңгейі 12,9 пайызды құрап, ҚР Ұлттық банкінің ең нашар сценарийінен (11-12,5 пайыз) де, ҚР Үкіметінің оптимистік болжамынан да (9-10 пайыз) асып түсті. 

 

Бұл – нарықтағы қазіргі баға динамикасының ресми органдардың болжамынан әлдеқайда жоғары екенін көрсететін факт.

 

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша ең жоғары инфляция Қарағанды облысында (14,9 пайыз), ең төменгі көрсеткіш Қызылорда облысында (10,9 пайыз) тіркелген. Аймақтық картинаға зер салсақ, бір айлық инфляция көлемі де 1,1 пайызға өскен.

 

Осылайша, инфляцияның жедел өсуі ұлттық экономикаға тікелей қауіп төндіріп отыр. Елдің экономикалық саясатында ЖІӨ өсімі мен экономикалық өсім бір төбе болса, халықтың әл-ауқаты мен азаматтардың сатып алу мүмкіндігінің жоғары болуы да өз алдына маңызды бағыт.

Связанные теги :

Связанные Статьи