Бүгін Астанада Digital Bridge 2025 Халықаралық технологиялық форумы басталды. Форумда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Сондай-ақ, іс-шараға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок та қатысып отыр.
Президент бүгін өзіне «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің ЖИ технологиялары бойынша жұмыс істейтін виртуалды моделі таныстырылғанын ерекше атап өтті.
«Бүгін маған «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің ЖИ технологиясымен жұмыс істейтін виртуальді мүшесінің қызметін көрсетті. Бұл – ұлттық суперкомпьютер мен Қазақстандағы Alem LLM үлкен тілдік модель базасында іске асырылған Орталық Азиядағы алғашқы жоба. Ішкі үдерістердің бәрін оңтайландыруға септігін тигізетін мұндай шешімнің маңызы зор», - деді Президент.