Франция Үкіметінің жаңадан тағайындалған премьер-мтинистрі Себастьян Лекорню бір ай да жұмыс істеместен отставкаға өтініш берді. Ол үкімет басына 9 қыркүйек күні келген еді.
Лекорню әрекеттері сайлаушылар мен жақтастарынан қолдау таппады. Кеше жарияланған жаңа үкімет құрамы Лекорню мен Макрон жақтастарының арасында да сынға ұшырады.
Францияда премьер-министрдің жылдам ауысуы ерекше жаңалық емес. Алдыңғы екі премьер де 9-10 айдан ұзаққа шыдамаған. Алайда, Лекорнюдің бір айға толмайтын премьерлік еңбегі ел тарихында алғаш рет тіркеліп отыр.