Аутизмге шалдыққан балалар туралы даулы видео түсірген блогер ұсталды

/uploads/thumbnail/20251202113620906_big.webp

Аутизмге шалдыққан балалар туралы даулы видер түсірген астаналық блогер ұсталды. Бұл туралы Астана полиция депортаменті хабарлады. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ата-аналардың наразылығын туғызған видео тарады. Онда блогер мүмкіндігі шектеулі балалардың дүниеге келуі "ата-анасының әрекеті үшін берілген жаза" екенін айтқан.

Кейін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева блогердің сөздеріне құқықтық баға беру үшін Ішкі істер министрлігіне жүгінді.

Астана Полиция департаменті блогерге қатысты әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады.

"Видео авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданады", – делінген хабарламада.

Связанные теги :

Связанные Статьи