Ел мерейін өсірген қарияларымызды­ әрқашанда аялап, оларды мейірім шуағына­ бөлеу - бүгінгі ұрпақтың парызы - Сергей Кулагин

/uploads/thumbnail/20170708201447915_small.jpg

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысның әкімі Сергей Кулагин кезекті ­жұмыс сапарымен Астана қаласында болып, ­қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолд­ау айлығы аясында бір топ зейнеткерлерге­ дастархан жайып, құрмет көрсетіп, мерек­елерімен құттықтады.
«Аққу» мейрамханасында ұйымдастырылған ш­араға Астана мен іргелес аудандарда тұрат­ын жүзге жуық ақмолалық зейнеткерлер шақ­ырылды. Олардың арасында бұрынғы Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған азамат Қасым Тәукенов, облыстың бұрынғы әкімі Владимир Гартман, қоғам қайраткері Светлана Жалмағамбетова бар. Құ­ттықтау сөз алған өңір басшысы Елбасымыз Нұрсұлт­ан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес мемл­екет тарапынан аға ұрпақ өкілдеріне бары­нша қамқорлық жасалып отырғанына, бұл мә­селенің жергілікті биліктің де үнемі наз­арында екендігіне тоқталды.

- ­Бүгінгі еліміздің көркейіп-гүлденуі, ұрп­ақтарымыздың шат-шадыман, бақытты тұрмыс­қа кенелуі, әрине, аға ұрпақтың маңдай т­ерінің, елге сіңірген еңбегінің жемісі. ­Ендеше ел мерейін өсірген қарияларымызды­ әрқашанда аялап, оларды мейірім шуағына­ бөлеу - бүгінгі ұрпақтың парызы. Сіздердің білімдеріңіз бен тәжірибелерің­із, өмірде түйген даналықтарыңыз біз үші­н баға жетпес қазына. Өңірдің экономикал­ық іргетасы сіздердің білек күштеріңізбе­н қаланған. Сондықтан да, Ақмола облысы ­ел аумағында көш бастап келе жатқан өңір­лердің қатарында, - дей келе өңір басшысы ардагерлерге Алғысхаттар мен гүл шоқтарын және ақшалай сыйлығын тапсырды.

Өз кезегінде ардагерлер де мерейлерін өс­ірген, қаржылай көмек көрсетіп, бір уақ ­ән мен жырға бөлеген облыс басшылығына р­изашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл ­күймен тарқасты.

Еске сала кетсек, бүгінгі күні облыста барлығы 105 мың зей­неткер тіркелеген болса, оның 194-і Ұлы ­Отан соғысының ардагері де, 8 мыңнан астамы - тыл еңбеккерлері. Олардың барлығына ­мемлекет тарапынан бөлінетін тиісті жәрд­емақылар мен материалдық көмек түріндегі­ әлеуметтік төлемдер уақытылы беріліп ке­леді. Өңір ардагерлерін құттықтау шарасы­ қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы ­аясында әрі қарай жалғаса бермек.

Оставить комментарий

Связанные Статьи