Алматыда «Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы бойынша кітап шығарылады - Қ. Мамсуров

/uploads/thumbnail/20170708201455025_small.jpg

АЛМАТЫ. ҚазАқпарт - Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық «Ұлы дала елі» тарихи-мәдени экспедициясы бойынша арнайы күнделік кітап шығарылады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Жер тарихы -ел тарихы» атты дөңгелек үстел барысында Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Осетин этномәдени бірлестігінің төрағасы Қазбек Мамсуров мәлімдеді. 
«Елімізде Қазақстан халқы Асамблеясының ұйытқы болуымен «Ұлы дала елі» атты экспедиция ұйымдастырылған болатын. Ол 11-ші қыркүйекте еліміздің шығысында, солтүстігінде, батысында және орталық өңірінде бастау алды. Мұндай шара Алматыда да жүзеге асырылды. Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, жоғары оқу орындарының студенттері, археологтар және тарихшылардан құралған экспедиция Алматы қаласы мен Алматы облысында көптеген тарихи ескерткіштерді аралады. 

Солардың ішінде жоңғарларға қарсы күресте ерлігімен танылған Райымбек, Наурызбай және басқа да қазақ батырларының ескерктіштерін көрдік. Сонымен қатар, Алматының іргесінде орналасқан Боралдай сақ және үйсін қорғандары кешеніне бардық. Бұл біз үшін өте қызықты болды. Қазақ халқының тарихынан көптеген мәліметтерге қанықтық. Бұл біз үшін, жас ұрпақ үшін өте маңызды шара. Енді тарихшылардың, археологтардың және басқа да мамандардың қазақ халқының тарихы бойынша жасаған дәрістері негізінде арнайы күнделік кітап шығарылады», - деді өз сөзінде Қ. Мамсуров.

Оставить комментарий

Связанные Статьи