Сарапшылар жаңа «Әділет» партиясын құру туралы бастаманы оң бағалады

/uploads/thumbnail/20260420151645658_big.webp Фото: Ашық дереккөз

Сарапшылардың пікірінше, жаңа партия саяси бәсекені күшейтіп, алдағы сайлау қарсаңында партиялардың жұмысына жаңа серпін бере алады.

Жаңа «Әділет» саяси партиясын құрутуралы бастама Қазақстанда кеңталқыланып жатыр. Сарапшылар жаңа күштің пайда болуы партиялық жүйені трансформациялаудың маңызды кезеңіне айналып, алдағы электоралдық циклдер алдында бәсекені арттыруы мүмкін екенін алға тартады.

Бұл бастама қоғамда үлкен қызығушылық тудырды. Сарапшылар мен саясаттанушылардың пікірінше, жаңа партияның құрылу процесінің өзі саяси пікірталастарды жандандырып, институттардың дамуына тың серпін бере алады.

Мәселен, қаржы талдаушысы Расул Рысмамбетов Қазақстанда жаңа партиялардың пайда болуы заңды құбылыс екенін айтты.

«Бізге ұнайды ма, жоқ па, бірақ біз жаңа саяси шындықтың қарсаңында тұрмыз. Жаңа партияның пайда болуы – диалогқа, идеялардың бәсекесі мен тың күн тәртібін сынақтан өткізетін мүмкіндік. Сондықтан «Әділет» партиясы тіркелетін болса, сырттан бақылап қана қоймай, сұрақ қойып, ұсыныс айтып, жарияланған қағидаттарды іс жүзінде тексеріп, талқылауға белсенді қатысу аса маңызды», – деді ол.

Саясаттанушы Андрей Чеботаревтіңпікірінше, «Әділет» партиясын құру бастамасы саяси жүйені дамытуға және азаматтардың саяси өмірге белсенді қатысуға деген объективті сұранысты көрсетеді.

«Партияны құру бойынша бастамашылардың басым бөлігі конституциялық реформа жөніндегі комиссия жұмысына қатысқанын айта кеткен жөн. Сондықтан олардың басты мақсат ретінде жаңа Конституция қағидаттары негізінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудыайқындауы да заңды құбылыс. «Әділет» партиясының құрылуы партиялық-саяси ортаны жаңғыртуы мүмкін жағымды үдеріс деп есептеймін», – деді ол.

Ал саясаттанушы Ғазиз Әбішев жаңа партияның пайда болуын алдағы саяси циклдермен байланыстырып отыр.

«Қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен бизнес өкілдерін біріктірген жаңа партияның пайда болуы белгілі бір деңгейде Құрылтай алдындағы партиялық алаңның жаңаруын меңзейді», – деді ол.

Сарапшылардың айтуынша, шешуші фактор партияның құрылуы емес, оның мазмұнды күн тәртібін ұсынып, қоғаммен тиімді диалог орната алуы, сондай-ақ нақты саяси субъектілік таныта білуі болмақ.

Қазіргі уақытта партия тіркеу кезеңінде. Алайда қазірдің өзінде «Әділет»партиясының пайда болуы Қазақстанның саяси жүйесінің одан әрі трансформациясының маңызды көрсеткіштерінің біріне айналуы мүмкін екені байқалады.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Әділет» партиясының ұйымдастыру комитеті Әділет министрлігіне саяси партия құру ниеті туралы хабарлама жолдаған болатын. Құжаттар 2026 жылғы 16 сәуірде еліміздің барлық өңірлерінен, республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоса алғанда, 700-ден астам азаматтан тұратын бастамашыл топ атынан тапсырылды.

Бұл бастамашылардың пікірінше, партияны құру қажеттілігі жаңа Конституцияның қабылдануымен және реформаларды қолдайтын азаматтарды біріктіру идеясынан туындаған. Партияның құрылтай съезі жақын уақытта өтеді деп жоспарлануда.

Связанные теги :

Связанные Статьи