Алматыда ҚазҰУ Студенттер сарайының шаңырағы опырылып түсті

/uploads/thumbnail/20260924120025053_big.webp ЖИ/ИИ

Оқиға орнынан түсірілген фотосуреттер Threads әлеуметтік желісінде жарияланды. Кадрлардан ғимарат шатырының едәуір бөлігі бөлшектеліп, құрылымның ішіне құлағанын көруге болады. Сондай-ақ желіде оқиға болуы мүмкін сәт түсірілген түнгі кадрлар да тарады.

ҚазҰУ Алматыдағы У.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының шатырының опырылғаны туралы жарияланымға пікір білдірді. Алайда университет өкілдері реконструкция кезінде шатырдың нақты қандай себеппен құлағанын және жұмыстарды қай ұйым жүргізіп жатқанын нақтыламады.

Университет мәліметінше, ғимарат бұған дейін құрылыс нормалары талаптарына сәйкес келмейтін бірқатар елеулі бұзушылықтармен пайдалануға берілген. Көптеген ақауды әрлеу қабатын алмай, тек көзбен анықтау мүмкін болмаған.

Студенттер сарайы пайдалануға берілгеніне шамамен 30 жыл болғанымен, осы уақыт аралығында ғимаратқа күрделі жөндеу немесе реконструкция жүргізілмеген.

Айта кетейік, Студенттер сарайы орналасқан «ҚазҰУград» аумағын жаңарту жоспары 2023 жылдан бері талқыланып келеді. 2025 жылғы қаңтарда мұнда сегіз жаңа корпус, жеті қабатты университет клиникасы, 10 мың адамға арналған жатақханалар, оқытушыларға арналған тұрғын үйлер мен апартаменттер салу жоспарланғаны хабарланған.

2024 жылдың соңында сарайдың қасбетіндегі ракушечник қабаты алына бастаған. Кейін бұл жұмыстардың заңсыз жүргізілгені және реставрацияның Алматы қаласының мәдениет басқармасымен келісілмегені анықталған.

Связанные теги :

Связанные Статьи