ТАЙЖАНОВ АВСТРАЛИЯДА ТАЙРАҢДАП ЖҮР (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708201814637_small.jpg

4 мыңнан астам үлескердің ақшасын жинап алып, қашып кеткен "Азбука жилья" құрылыс компаниясының жетекшісі Австрияда жасырынып жүр екен. Бұл туралы «Қамшы» порталы 31.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжілісте депутат болған Ерқанат Тайжанов туралы бұл мәліметті Астана қаласының прокурорлары ресми растады. Сөйте тұра, құқық қорғау органы құрылыс компаниясының басшысын елге алып келу туралы сұраныс жасамаған екен. Елордадағы үлескерлік мәселесі бойынша баспасөз құралдарын жинаған прокурорлар ең алдымен қаладағы жалпы ахуалға тоқталды. Алайда, тілшілерге құрғақ баяндама емес, халықты алдағандардың заң алдында жауап бергені туралы нақты ақпараттар қызықты болды. Әсіресе, 4 мыңға жуық үлескері үйіне жете алмай жүрген "Азбука жилья" компаниясының басшысына қатысты сұрақ көп қойылды. Бұған дейін экс-депутат Ерқанат Тайжановтың шетелде жасырынып жүргені туралы қауесеттер тараған болатын. Аталған жиында бұл болжамды ресми орган растады.

Тайжановты қамауға алу туралы сырттай шешім шығарылған. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Куәгерлердің жауаптарына сүйенсек, Тайжанов Австрияда, Вена қаласында деген болжам бар,Астана қалалық прокуратурасы басқармасының прокуроры Тимур Көпбосынов

Әзірге 27 миллиардты жымқырды делінген күдіктінің қайда екені белгілі. Бірақ оны елге әкелуге әлі ерте сияқты. Өйткені, Қазақстан мен Австрия арасында экстрадициялау туралы келісім жоқ екен. Оның үстіне Ерқанат Тайжановқа қатысты тергеу әлі аяқталмаған.

Связанные Статьи