«АСТАНА» ЖАНКҮЙЕРЛЕРІ АЛДЫНА ЖАН САЛМАУДА

/uploads/thumbnail/20170708201843309_small.jpg

3 қарашада Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі аясында елордалық «Астана» клубы өз алаңында испандық «Атлетико Мадрид» құрамасын қабылдайды. Бұл туралы «Қамшы» порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Елордалық футболшыларды қолдау үшін 20 мыңнан аса жанкүйер жиналмақ. Өйткені 29 қазандағы жағдай бойынша ticketon.kz сайты арқылы 20 мыңға жуық билет сатып алынған. Ал, 30 қазаннан бастап билеттерді қаланың барлық кассаларынан сатып алуға болады. Футбол жанкүйерлері «Астана» ойыншыларына қолдау көрсету үшін ерекше акция ұйымдастыруда. Барлық стадион ән орындайды, кез-келген адам әнді supportastana.kz сайтында дауыс беру арқылы таңдай алады. Сондай-ақ, байқауда үздік айқайлаушы сайысы ұйымдастырылады. Байқауға өтініш 1 қараша, сағат 22:00 дейін қабылданады. Нәтижесі 2 қараша күні белгілі болады.

Көрермендер мен жанкүйерлер стадионда «Астана» футбол клубының атрибуттары мен жанкүйерлеріне арналған пайдалы заттарды ала алады. Сонымен қатар стадионға № 10, 12, 27, 4, 43, 51, 55 қоғамдық көліктер арқылы жетуге болады. Естеріңізге сала кетейік, аталған ойын «Астана Арена» стадионында сағат 21:00-де басталады.

 

Связанные Статьи