71-ге қараған шағында белгілі режисер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қанымбек Қасымбеков өмірден өтті. Белгілі өнер саңлағы 4.2.1943 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Шиен ауылында туылған. Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген (1969).
1974 жылында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алды.
1971 жылында алғаш "Шоқ пен Шер" атты толық метражды фильмін түсірді. Фильм Монте Карлодағы кинофестивальда "Ең үздік балалар фильмі" (1972) жүлдесін, сондай-ақ, 1973 жылында Ташкент қаласында өткен телевизиялық фильмдердің Бүкілодақтық кинофестивалінде КСРО кинематографистерінің жүлдесін жеңіп алды. Оның "Сен 12-ге толғанда" (1978), "Қызыл киіз үй" (1982), "Үш, тырнам, ұш" (1985), "Қоштасқым келмейді" (1992), "Саған күшік керек пе?" (1994), "Жамбылдық жастық шағы" (1996), тағы басқа көркем фильмдері көрерменнің ықыласына бөленді
Кинорежисер өмірінің соңғы жылдары үш мәрте инсульт алып, төсек тартып жатқандығы, мемлекеттен, қалталы азаматтардан көмек сұраған деген дерек бар. Ұзақ науқастанып, 16 ақпан күні жарық дүниемен қош айтысты. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
Қоштасу рәсемі ертең 17 ақпан күні "Қазақфильм" киностудиясында өтеді.
Оставить комментарий