Әлеуметтік желілерде Астанадағы қоғамдық көліктердің бірінде кондуктор мен жолаушының арасында болған төбелес түсірілген бейнежазба тарады. Бұл туралы «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Кикілжің Астанадағы №21 бағытта қатынайтын автобус ішінде болған. Автобус ішінде басталған төбелес кейін көлік сыртында жалғасқан. Видеода автобустағы жолаушылардың тек біреуі ғана төбелесіп жатқандарды ажыратуға әрекеттенгені анық көрінеді. Видео авторы жолаушы мен кондуктордың не үшін төбелескендігін жазбапты.
Оставить комментарий