Шымкент қаласына олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Александр Винокуров келіп, жастармен кездесті. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Қазақстан-Шымкент» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
№2 жеңіл атлетика мен велосипед спорты мектебінің жас спортшыларымен өткен кездесуде шаһар басшысы Александр Винокуровқа "Қазақ хандығының 550 жылдығы" көркем картинасын сыйлады. Ал, олимпиада чемпионы болса, жауап ретінде Ғабидолла Рахметоллаұлына бағалы велосипед тарту етті. Сонымен қатар, Олимпиада чемпионы аталған мектеп ұжымына «Vino» брендінің кәсіби спорттық велосипедін сыйлап, жас талапкерлердің алаңсыз жаттығуына мүмкіндік туғызды.
Өз сөзінде шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов бұдан кейін жұмысқа осы велосипедпен баратынын мәлімдеді. Бұл әрине жағымды жаңалық. Өйткені еліміздегі әкімдердің жұмысқа велосипедпен баруы құбылыс болып саналады. Сондықтан да Ғабидолла Рахметоллаұлының сөзінде тұрар, тұрмасы белгісіз.
Оставить комментарий