Димаш Құдайбергенов «Дай-дидауды» Түркияда шырқады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708202021420_small.jpg

Әлемдік деңгейдегі әншілер қатысатын ABU TV Song Festival 2015 фестивалінде Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген жанды дауыста қазақ халқының «Дай-дидау» әнін орындап шықты. Бұл туралы «Қамшы» порталы baistars.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жыл сайын өтетін ABU TV Song фестивалі биыл Түркияның Ыстамбұл қаласында өтті. Айтулы шараға Қазақстан алғашқы рет шақырылып отыр.

Д. Құдайберген 2010 жылы «Звонкие голоса Байконура» халықаралық фестивалінің 1 сыйлығының лауреаты болса, 2012 жылы «Жас қанат» республикалық жас орындаушылар байқауының гран-приін иеленді. «Шығыс базары» халықаралық эстрадалық орындаушылар телебайқауының 1 сыйлығы лауреатының дипломын алды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи