Ұлттық банк басшысының ауысуы ұлттық валюта бағамының төмендеуімен басталды. Алматыдағы ақша ауыстыру нүктелерінде АҚШ доллары 284 теңгеден саудалануда. Бұл туралы «Қамшы» порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сейсенбі күнгі КАSE-тегі таңғы сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы 282,7 теңгені құраған болатын. Саудаға валюта нарығының 21 мүшесі қатысып, 134,5 миллион доллар саудаланды.
Ал, Алматы көшелеріндегі ақша ауыстыру орындарында АҰШ долларын сату бағасы 283-284 теңгеге, сатып алу құны 281-282 теңгеге көтеріліп отыр.
КАSE-тегі кешегі саудада доллар 281,13 теңгеден саудаланғанын естеріңізге саламыз.
Оставить комментарий