Суретші ұялы телефондардан автомобиль құрастырды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708202123640_small.jpg

Тайваньдық суретші Лин Ши-Пао 25 мың ескі мобильді телефондардан Formula 1 көлігін құрастырып шыққан, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы BBC-ге сілтеме жасап.

Ол қоқыстарға тасталған ескі телефондарды жинау үшін 4 жыл бойы әлемді аралаған. Нәтижесінде жинақталған мобильді телефондарды көлік моделінің қаңқасына жапсырған. Жобасын жүзеге асыру үшін Ши-Пао 30 мың доллар жұмсаған.

"Менің мақсатым - әлемдегі экологиялық жағдайды жақсарту. Мен адамдарға қоқысқа тасталатын заттардың өнер туындысына айналдыруға болатынын көрсеткім келді. Ондай қалдықтарды қажетке жаратқан дұрыс", - дейді суретші.

Связанные Статьи