Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияға сапары барысында осы елдің Сыртқы істер министрі Филип Хэммондпен кездесті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Кездесу барысында екі ел арасындағы әріптестіктің негізгі бағыттары талқыланды. Президент Н. Назарбаев Ұлыбритания Премьер-министрі Д. Кэмеронмен келіссөздің барлық бағыттағы қарым-қатынастар үшін жемісті болғанын атап өтті.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ұлыбритания сыртқы істер ведомстволары арасындағы әріптестік бойынша арнайы комиссия құру туралы бастамаға жоғары баға берді.
Біләл Қуаныш
Лондон