МЕТРО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТТЫ ҚАЛАЙ ІЗДЕЙТІНДЕРІН КӨРСЕТТІ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708204009140_small.jpg

Алматы метрополитенінің қызметкерлері жерасты көлігіне жарылғыш зат алып өткісі келетіндерді қалай анықтайтынын көрсетті. Бұл туралы «Қамшы» порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Метроға мінушілерде тінту кіреберісте жүргізіледі. Әзірге, тінту бірді-екілі жолаушыларға жүргізілуде. Шұғыл жағдайлар туғанда мұндай тінту барлық жолаушыларға жүргізілмек. Күдікті арнайы телевизиялық-рентген құрылғысы арқылы анықталады дейді мамандар. Мұндай құрылғыларды сатып алуға Алматы әкімдігі 150 миллион теңге қаражат бөлген.

Метро қызметкерлері жолаушыларды мұндай қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.

Связанные Статьи