Келешегі кемел «Көгер ЛТД»

/uploads/thumbnail/20170708204011733_small.jpg

Алматы облысында жыл басында Елбасының бастама­сымен елімізде жарияланған «Қазақстанда жасалған» акциясы аясында бірқатар нақты жұмыстар атқарылды.
Акцияны қолдауға орай қолға алынған «Халықтық марка» жалпыұлттық конкурсы кәсіпкерлік саласын­дағы көшбасшыларды анықтау­ға мүмкіндік береді. Басты мақсаты – елімізде шығарылған тауарлар мен өнімдердің танымалдығын арттыру арқылы отандық тауар­өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейту болып табылатын рес­публикалық конкурсқа Жетісу өңірі атынан қатысатындар ара­сында өнімдері облыс тұрғын­дарының талғамынан шығып, таңдауына ие болған «Көгер ЛТД» ЖШС құс фабрикасы да бар. 
Алматы облысы орталы­ғы­ның іргесінде орналасқан кә­сіпорын инновациялық жолды таңдаудың арқасында тауық жұмыртқасы өндірісінің көлемін анағұрлым арттырып қана қой­май, жұмыртқалық бағыт­тағы «Ломан Браун-Классик» тауық тұқымының мекиендерін өсіру мен көбейту жөніндегі еліміздегі бірден-бір асылтұқымды ша­руашылық атанды. Фабрикадағы селекциялық жұмыс құсты өсіру­дің бірнеше операциялары мен кезеңдерінен тұрады. Ме­киен болатын балапандарды әке­луден бастап, оларды өсіру, ин­кубациялық жұмыртқалар алып, олардан балапан өрбіту сын­ды жұмыстардың ақтық нә­ти­жесінде, өнімнің өзіндік құны төмендеп, қаржының сыртқа кетуі барынша азаяды.
 
Соңғы жылдары жаңа техно­логияларды енгізуде белсенділік танытқан аталмыш кәсіпорында автомат­тандыру бірінші орынға шыққан. Қол еңбегі барынша азай­ған. Жұ­мысшылар өздерінің әлеуметтік кепілдіктерін тұрақты пайдала­нады. Еңбекақыны уақы­тында төлеу, жұмыс орнына алып келіп, тұрғылықты жерге қайта апарып тастау мұндағы бұлжымас тәртіп­тің бастылары. 
Алматы, Семей, Өскемен, Қы­зылорда, Аягөз қалаларына тәулі­гіне жарты миллионнан астам жұ­мыртқа жөнелтіледі. Тауар елі­міздің әр қиырындағы сауда нүк­телеріне кәсіпорындағы маман­дандырылған көліктермен жет­­­кі­­зіледі. Басты нарық – оң­түс­тік астана болып табылады. Құс фабрикасы Алматы қала­сының маңынан азық-түлік бел­деуін құруға үлкен үлес қосып отыр. 
Биыл кәсіпорын «Алтын сапа» конкурсының «Үздік өндірістік тауар» аталымы бойынша жеңім­паз атанды. 
– Бұл жеңіс – біздер үшін үл­кен жетістік. Сонымен бірге тұ­тынушылар алдындағы жауап­кер­шілігімізді барынша арттыра тү­седі. Біз әрдайым сапаны басты назарда ұстаймыз. Өз саламызда үздіктер қатарынан көрінуге ты­рысамыз, – дейді бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Светлана Иванова. 
Құс фабрикасының алдында үлкен асулар мен жауапты кезең­дер күтіп тұр. Соның бірі «Халық­тық марка» республикалық бай­қауында облыс намысын абырой­­мен қорғау.

Дереккөз: Айқын-ақпарат

Связанные Статьи