19 қараша күні Кіші Алматы өзенінің бассейнінде № 26а «Конус» қар көшкінін жинаушыда көлемі 1000 метр куб қар көшкіні болды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ақпарат агенттігіне көшкін туралы «Шымбұлақ» тау шаңғысы шипажайынан хабарлаған.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында хабарланғандай, оқиғадан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Жолдар ашық.
Бұған дейін Алматы облыстық ТЖД қызметкерлері көшкіннің орын алуы мүмкін екенін ескерткен болатын.