Қазақстанға Ауғанстан Президенті Ашраф Гани ресми сапармен келді

/uploads/thumbnail/20170708204116109_small.jpg

Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мұхаммед Ашраф Гани ресми сапармен Қазақстанға келді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл Мұхаммед Ашраф Ганидің Қазақстанға алғашқы ресми сапары болып табылады.

Сапар барысында Ауғанстан Президентінің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі жоспарланған.

Екі ел басшыларының келіссөздері барысында аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне басты назар аударылады. Сондай-ақ, сауда-экономикалық, білім беру, көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Связанные Статьи