Атлетикалық қалашық Универсиададан соң студенттер жатақханасына айналады

/uploads/thumbnail/20170708204420159_small.jpg

Универсиада ойындары аяқталғаннан соң, Атлетикалық ауыл, студенттердің жатақханасы мен педагогтарге тұрғын үй ретінде кепілдікке берілмек. Бұл  туралы Алматыда Универсиадаға дайындық аясында өткізілген Отандық тауар өндірушілермен ынтымақтастық форумында Алматы қаласының халықаралық спорттық жобалар дирекциясының директоры Әсет Әбдуалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Атлетикалық қалашықта дамыған әлеуметтік инфрақұрылым (кафе, мейрамхана, банк бөлімшелері) кеңейтілген жол торабы болады,-деді Әсет Абуалиев.

Сондай-ақ, барлық нысандар бұқаралық спортты дамыту үшін Универсиададан кейін ел игілігіне беріледі.  «Универсиада нысандарын басқаратын Дирекция құрылды. Олар мамандардың (инженерлік-сервистік топтар, маркетинг, брокеридждердің) жұмыстарына терең үңілуін қамтамасыз етеді. Осы орайда, біздер  кешендерді болашақта барынша тиімді басқаруға үміт арта аламыз. Ең үлкен міндет брокериджді орындауға (арендаторларды іздеу) болып табылады.  10 мың студент пен педагогтарды қамтитын нарық бар. Жалпы айтқанда Алатау ауданы- қаламыздың өсіп-өркендеуінің жаңа нүктесі. Жаңартылған инфрақұрылым Алатау ауданының дамуына кең серпіліс береді,- деді Әсет Әбдуалиев. 

Алматыдағы қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпанда өтеді. Аталған дода елімізді тарихында өтетін ең ірі спорттық шара болмақ. Оған 2000 спортшы, 1000 техникалық делегат пен төрешілер тобы қатысады. Және жарысты тамашалауға 30000 турист келеді деп жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Алматыда қысқы Универсиадаға дайындық аясында отандық өнім шығарушылармен ынтымақтастық форумы өткен болатын. Қорытындысында қазақстандық өнім шығарушылармен 20 млрд теңгеге меморандум бекітіліген болатын. 

Связанные Статьи