Мұнай компаниялары 40 мың жұмысшыны қысқартуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170708204451097_small.jpg

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында энергетика министрі Владимир Школьник мәлімдеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

«Біз мұнай саласына қызмет көрсетуші компаниялар қауымдастығымен жұмыс істейміз. Қызмет көрсету көлемі 2015 жылы 25 пайызға қысқарды. Келер жылы да осылай жалғасар болса, 40 мың адам қысқартуға ұшырауы мүмкін» дейді министр.

В. Школьник мұнай бағасы бареліне 50 доллардан төмен болса жұмыстан қысқарту қаупі 10 пайызға дейін өсетінін, яғни 7000 мың адамды құрайтынын айтады.

«Ағымдағы шығындар, яғни, қызмет көрсету мен еңбекақы 31 пайызға қысқарады. Сондай-ақ, салықтық төлемдердің көлемі де азаяды деген болжам жасап отырмыз» дейді В. Школьник. Министр жұмыстан қысқарған мұнайшыларды «Теңізшевройл» жобасы құрылысына жұмылдыру жоспарланып отырғанын жеткізді.

«Егер қолға алған 13 жобаны іске қоссақ, құрылыс кезінде 21,5 мың жұмыс орны, 6000 тұрақты жұмыс орны ашылады. «Теңізшевройлды» кеңейту туралы шешім осы жылдың желтоқсанында қабылданады. Кеңейту кезінде тағы 20 мың жаңа жұмыс орны ашылады» деп атап өтті энергетика министрі.

 

 

Связанные Статьи