Қуат Хамитов қарсыласын бірінші раундта ұрып жықты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708204453862_small.jpg

Қазақстандық спортшы Құлжа қаласында WBK тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионының белбеуіне таласты. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

Қуат Хамитовтың қарсыласы швециялық танымал спортшы Алька Матева болды. Ол бұған дейін кикбоксингпен айналысқан. Кәсіпқой рингте 42 кездесу өткізіп, 5-еуін жеңген, бір кездесуді тең нәтижемен аяқтаған.

Чемпиондық атаққа барар жолда Қуат Қытайда үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеткен болатын.

Қуат Хамитов ережесі жекпе-жектен Қазақстан намысын абыроймен қорғап жүрген спортшы. Спорттан бөлек, ол қайырымдылық істерімен де жанкүйерлер көзіне түсіп жүр.

 

 

Связанные Статьи