Ақмола облысында балықшылар міншген Нива көлігі мұз астына түсіп кетіп, бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Оқиға 23 қараша күні сағат түнгі ондар шамасында Қорғалжын ауданының Ұялы ауылында болған.
«Нұра өзенінде балық аулау кезінде көлік салмағын көтере алмаған мұз ойылып кетіп, машина су астына кеткен. Көлікте екі адам болған. Олардың біреуі өз күшімен мұз астынан шығып үлгерген» делінген ТЖД таратқан хабарламада.
Қазір су астында қалған 1965 жылы туған азаматты іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.