Маңғыстауда меморгандардың макулатурасынан дәретхана қағазын дайындайтын зауыт ашылды

/uploads/thumbnail/20170708204745537_small.jpg

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында дәретхана қағазын шығаратын жаңа цех іске қосылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Жаңа цех «Ақтау қағаз зауыты» ЖШС жанынан ашылып отыр.

«Біз 2007 жылдан бері медициналық қалдықтарды жоюмен айналысып келеміз. Көптеген кәсіпорындар мен мекемелерден макулатураларды жою туралы ұсыныстар келіп түсті. Үлкен көлемдегі қағаздардың тектен текке жойылатынын ойлаған мен оларды қайта өңдеу туралы ойға келдім. Сөйтіп, арнайы құрылғы сатып алдым. Дәретхана қағазын шығаруға мемлекеттік органдардан және мұнай компанияларынан құндылығы жойылған құжаттарды тегін алып пайдаланамыз»дейді кәсіпорын басшысы Сұңғат Еділбаев.

Қазіргі таңда зауыт тәулігіне 8 сағат жұмыс істеп тұр. Жақын күндері кәсіпкер өндіріс көлемін ұлғайтып, жұмыскерлердің санын ұлғайтуды және цех жұмысын тәулік бойы жүргізуді жоспарлап отыр.

Связанные Статьи