Қазақстанның солтүстік облыстарына Ресей туы тігілуі мүмкін

/uploads/thumbnail/20170708151321292_small.jpg

Украинадағы  соңғы оқиғалар  елінің тоз-тозын шығаруда. Саяси санасы таяз оппозиция мен әсіре Европашылдық, ұлтшылдық Украинаны үшке бөлді. Ал Орыс тілді халық басым тұратын шығыс облыстар да Украиндердің бұл алауздығын кешірмеуде. Онсызда Ресейдің ықпалымен кеудесіне нан піскен орыс ұлтшылдары Укарина билігіне ашық қарсылыққа шықты. Оған Украинаның жаңа билігіне қарсылар мен «Евромайданды» қолдамайтын топтар да қосылды. Тіптен орыстар Қырым Автономиялы Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Кеңеске туларын іліп тастады. Егер айтылмыш, демократияның заңдылығына жүгінсек, алда болатын Референдумда орыс халқы 58 пайызын ұстайтын Қырым Укаринадан тәуелсіздік алуы мүмкін. Тіптен бірден Россияның құрамына кіреді. Бұл Орыстар мен Орыс тілділер басым көбін ұстайтын Қазақстанның солтүстік облыстарын да қағыс қалдырмауы мүмкін. Онсызда Орыс депутаттары мен орыс ұлтшылдары Ресейде ашық мәлімдемелер жасап, Қазақстанның солтүстік облыстарын өздеріне қосып алуға талпынып жатыр. Егер солтүстік обылыстарымызда шошаң етіп бір топ орыс көшеге жиналып, үкіметтің әлеуметтік жақтан қинап оырғандарын алға тартып ереуілге шыға қалса болды. Шекараның ар жағында аңдып отырған орыстар еш қиындықсыз қаптап келіп, қолдап, шуды бірақ шығарады. Ол кезде билік Жаңаөзендегідей оқ шығарғанды қойып, дауыс көтеріп те сөйлей алмайтын болады. Одан құтылудың жалғыз жолы, Елбасымыз басшылығында қолға алынған "Нұрлы көштің" бұйдасын солтүстік облыстарға апарып бірақ байлау. Қандастар туралы жаңа қаулы шығарып, кешенді түрде жұмыс жасау керек.

Бейсен Ахмет

Связанные Статьи