Бүгінде Украинаның төңірегінде қалыптасқан жағдай Қазақстанға да бір қатысы бар. 1994 жылы 5 желтоқсанда Будапешт қаласында қол қойылған Меморандумда тек Украина емес, сонымен қатар Белоруссия мен Қазақстанға да олардың қауіпсіздігі, егемендігі, территориялық тұтастығына кепілдік берілген болатын. Бұл кепілдікті Ресей, АҚШ, Ұлыбритания осы үш посткеңестік республикалардың ядролық қарудан өз еріктерімен бас тартуына байланысты берген болатын. Енді міне бүгін Қырым айналысында әскери жағдайды жасанды түрде шиеленістіруге бағытталған араңдатушылық әрекеттер осы кепілдіктердің беріктігіне күмән туғызады. Ал бұл Меморандум халықаралық, аймақтық және ұлттық қауіпсіздіктің құқытық бір негіздері ретінде есептеледі. Келісімшарттың қабылданғанына бар болғаны жиырма жыл ақ өтті.