Балалардың бақыты гаджетте ме?

/uploads/thumbnail/20170708151321750_small.jpg

Әлеуметтанушылардың зерттеулері кейінгі кездері балалардың дамуы  күрделі өзгерістерге ұшырап жатқанын анықтады. Белгілі болғандай, қазіргі күннің балалары қарапайым қуыршақ сияқты ойыншықтарға тіпті назар аудармайтын көрінеді.

Керісінше, қазіргі кезде балаларды түрлі мобильді гаджеттер қызықтыруда. Бұл құралдар қуыршақтар мен үстел ойындарынан да маңыздырақ болып, оларға деген сұраныс күннен-күнге артып отыр.

Мұндай қорытындыға ғалымдар 12 жасқа дейінгі балалары бар 350 ата-анаға сауалнама жүргізу кезінде келді. Зерттеу барысында мәлім болғандай, балалардың 60 пайызы планшет пен смартфонды «жиі», ал 38 пайызы «өте жиі» қолданатын көрінеді.

Сонымен қатар, мамандар тәжірибе кезінде балалардың 70 пайыздан астамы смартфондарды жиі қолданатын отбасында тұратындығын анықтаған, ал балалардың 38 пайызында өздерінің жеке смартфондары бар, деп жазады росбалт.

"ҚазАқпарат"

Связанные Статьи