Қытай ақпарат құралдары жабыла жазып жатқан қанды оқиға Күнмиң қаласында орын алған. Яғни 1 наурыз күні кешке Күнмиң қаласының темір жол вогзалында пышақпен қаруланған белгісіз адамдар 29 адамды өлтіріп, 143 адамды жаралаған. Оның ішінде 73 адам ауыр жарақат алыпты. Қытай полицейлері белгісіз қарулы топ мүшелерінің 4-еуін атып өлтірген. Біреуін қолға түсірген. Бұл бесеудің үшеуі ер адам, екеуі әйел адам екен. Қытай "Халық" порталының жазуынша, олар 10 адам болған. Қытайдың кейбір ақпарат көздері бұл қылмысқа Шыңжаң тарапынан келген "қылмыскерлердің" яғни ұйғырлардың қатысы бар деп отыр.